Астанада еліміздің үздік полицейлері анықталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты ішкі істер органдарының үздік қызметкерлерін анықтайтын республикалық байқау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Іс-әрекет тиімділігін арттыру мақсатын көздеген аталған байқау осымен елімізде үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтық байқауда үздік деп танылған 17 жол-патруль қызметкері өзара бақ сынайды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ішкі істер органдары іс-әрекетінің маңызды бағыттарының бірі. Осы міндеттерді атқару жоль-патруль полициясы саптық бөліністерінің күштеріне жүктелген. «Өз кәсібінің үздігі» байқауы ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы №515 бұйрығын орындау үшін жыл сайын республикалық деңгейде өткізіледі. Жол-патруль қызметкерінің кәсібилігімен қатар, жылдамдығы, яғни шешімді заңға сәйкес әрі тез арада қабылдауы да басты назарда. Тағы бір мақсатымыз - аталған кәсіп иелерінің қоғам алдындағы беделін көтеру»,-деді Астана қалалық қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарма бастығының орынбасары Еркін Мүслімов.  
null null 

Байқау келесі сынақтардан тұрады:

- Құқықтық-нормативтік актілер, жол жүру қағидасы, оқ ату және қызметтік дайындығы бойынша теорияны білу; 
- Әкімшілік заңнаманы іс жүзінде қолдану; 
- Дене шынықтыру даярлығы;
- Табельдік және автоматтық қарудан атыс даярлығы;
- Жауынгерлік күрес даярлығы;
- Алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
- Саптық даярлық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау;
- Жоғары қозғалыстағы жол қиылысында қолмен реттеу біліктілігі;
- 3 түрлі көлікте жол қозғалысын маневрлеу (жеңіл, жүк көлігі және мотоцикл). 

Байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыс өкілдері қатысып жатыр. 4 күнге созылатын байқау 12 номинация бойынша бағаланады. 

null 

Соңғы жаңалықтар