Астанада еліміздің бас шыршасының шамы жағылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда еліміздің бас шыршасының шамдары жарқырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін кешкісін астанадағы барлық шыршаның шамы жанды.

Қала тұрғындары мен қонақтары EXPO кешені маңына жиналды. Еліміздің бас шыршасы осы жерге орнатылған.

Жалпы, Нұр-Сұлтанның түкпір-түкпіріне ұзын-ырғасы 30 жаңажылдық шырша қойылған.

Бүкіл қаладағы шыршаның мерекелік шамдары 22 желтоқсан күні кешкі 20:00 кезінде түгел жанды.

Жаңажылдық шаралардың бастауы ретінде «Хабар» арнасында «Ғажайып шырша» қысқаметрлі фильмі көрсетілді.

Ал 20:00 кезінде бас шыршаның шамын жағу рәсімі тікелей эфирде трансляцияланды.

Сондай-ақ «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды өз үйінде шырша жағуға шақыратын бейнеролик жарияланды.

Бұл флешмобқа қатысам деген кез келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялайды.

Олар өз жазбасына Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілеп, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хештегін қоюы керек.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтау ұйымдастырылады.

Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және басқа да жандар қатысады.




Соңғы жаңалықтар