Астанада Елбасының саяси бейнесін сипаттайтын қойылымның тұсауы кесілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Астанаға ауысу тарихы мен ондағы Елбасының саяси бейнесін сипаттайтын, «Астана» публицистикалық драмасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көркем бейнесі Ұйғыр театрының сахнасында көрініс тапты.  

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында Ұлы Даладағы мыңжылдықтар тоғысында жаңа Қазақстанды бейнелейтін тамаша қала құрылғаны баршамызға аян.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қ. Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театры Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында көрермендер назарына Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабы бойынша «Астана» публицистикалық спектаклін ұсынды.null

Қойылымда Астананы ауыстыру мен салудағы Елбасының қаһармандығы мен кемеңгер көрегендігі, сондай-ақ, оның жүйрік ойлау образы ұйғыр театры сахнасында тұңғыш рет қойылуда.null

«Астана тарихын Елбасы есімімен байланыстыра қарау, жаңа қала салып, елорданы көшіру Президенттің идеясы екенін білеміз. Сонымен қатар, елорданы ауыстыруда Елбасымен келіспеген көптеген қарсылықтардың да болғанын білеміз. Алғашқы аласапыран кездегі қиыншылықтар мен проблемалар кеңінен ойлап, нақты пікір түюге мұрша бермесе де, данышпан Елбасыны көкейінде тұнған ой мен аңсарлы арман үнемі алаңдатумен болды. Елорданы отанымыздың Орталық бөлігіне көшірудің аса маңызды стратегиялық саяси-әлеуметтік, қоғамдық руханияттық маңызы дау туғызбайтын шындық еді», - дейді «Астана» қойылымының идея авторы және қоюшы режиссері, ҚР Халық әртісі Мұрат Ахмадиев.null

Оның айтуынша, Астананы көшіру бастамасы бірден қолдау таппаса да, Елбасының табандылығының арқасында ешбір кедергіге, күдіктерге қарамастан, Арқа төсінде әсем шаһар бой көтерді. Жас астананың жетістігіне деген сенім Қазақстан халқының қолдауына ұласты, ол жауапты саяси шешімді қолдады. Режиссер айтқандай шығарманың меңзеуі де соған саяды.null

Елордадағы "Бейбітшілік және келісім" сарайының төрінде қойылған «Астана» публицистикалық спектакліне театр ұжымы жарты жылға жуық дайындалған және сахналауға 90-ға жуық әртіс қатысуда. 

    null null 

Соңғы жаңалықтар