Астанада Елбасының қатысуымен Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды

None
None
АНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы тарихы мен мәдени құндылықтары ортақ, түбі бір түркі халықтары арасындағы экономикалық, рухани, гуманитарлық салалар бойынша қарым-қатынастарымыздың өсіп келе жатқандығын атап өтті. «Кіші Азияны мекен еткен түрік қандастарымыз жайында сөз қозғағанда, сонау орта ғасырда ұлы даладан өркениет үлгілерін Анадолы жеріне ала барған бауырларымыз еске түседі. Бүгінде Түркия сияқты бауырлас елмен арадағы ынтымақтастық қарым -қатынастың

түрлі деңгейде дамып келе жатқандығын бәріміз білеміз. Бүгін

осы айнымас татулықтың айғағы ретінде Астана төрінде Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз» деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң Мұстафа Кемал Ататүріктің атқарған еңбектеріне және оның мемлекет басқару ісіндегі ерекше қасиеттері жөнінде сөз қозғаған   Нұрсұлтан Назарбаев Ататүріктің Түркия Республикасының негізін қалаушы, түрік ұлтының қайта өрлеуін жүзеге асырушы, мемлекет басқарудың ерекше үлгісін көрсете білген дарынды тұлға ретінде әлемге танымал екендігін атап өтті. «Ол дүниежүзін мойындатқан XX ғасырдың адамы деп есептеледі. Мұстафа Кемал Ататүрік  аумалы төкпелі заманда түрік мемлекетін бөлшектеу қаупінен сақтап, елін біріктіре біліп, аз уақыттың ішінде Түркияны тығырықтан алып шығу үшін көп еңбек сіңірді. Ол азаматтық қоғам құндылықтарының қалыптасуы мен жаңа әліпбидің енгізілуі сияқты әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізіп, Түркияны өркениетті елдердің қатарына қосты және оның өміршең идеялары бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Бүгінгі ескерткіштің ашылуы ұлы тұлғаға деген құрметтің тағы бір белгісі. Бұл шара бауырлас Түркиямен арадағы берік достық пен ынтымақтастықты дамытуға жаңаша серпін береді деген сенімдемін», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар