Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Астанада «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті

2018 жылғы 5 қыркүйек 20:43 144
Бөлісіңіз:
Астанада «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы тілдері күні бүгін  бірінші рет қазақ тіл білімінің негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде мерекеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты іс-шараға  ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерекелік шараны аша отырып, Қазақстан Үкіметі мемлекеттің тіл саясатын табысты іске асырып жатқанын атап өтті.

«Өткен жылы Қазақстан Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Оны іске асыру үшін Үкімет жанынан Ұлттық комиссия құрылды. Үкімет 2025 жылдарға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшірудің жоспарын бекітті. Біз «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталық құрдық. Қазір республикамызда латын графикасына негізделген жаңа емле ережесі апробациядан өтуде», - деді министр.

Мерекелік бағдарламаны Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер Қайыржан Бердібаев «Мемлекеттік тіл» атты жаңа әнімен ашты.

Салтанатты мерекелік іс-шара аясында республикалық ақындар байқауы қатысушыларының өлеңдер жинағы «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақстан» РТРК-ның бірлескен бұл жобасы талантты қазақ жастарын қолдауға бағытталған.

Мерекеге орай Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталарын қауымдастықтардың көрнекті өкілдері, жетекші сарапшылары және сала мамандарына табыс етті.

Айта кетсек , бұған дейін Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын. Бұл айтулы күн  «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысымен бекітілген.

Астанада «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті 
Астанада «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті 
Астанада «Елбасы және Елорда» кітабының тұсаукесері өтті 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT