Астанада «Elbasy jáne Elorda» көрмесі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада «Elbasy jáne Elorda» көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрменің ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары әкімі Ерлан Қаналимов көрмені ұйымдастырудағы мақсат астананың жетістіктерін көрсету екенін жеткізді.

Оның айтуынша, фотосуреттер Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен нығаюындағы рөлін көрсетеді.null

«Астананы көшіру идеясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елорда қарқынды дамыған, жаңа Қазақстанның жүзі болды», - деді Ерлан Қаналимов.

Көрмеге Елбасының елорданың дамуына қосқан үлесін көрсететін 80-нен астам фотосурет қойылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фотосуреттер Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архивінен, Елбасының жеке архивінен алынған.null

Айта кетейік, көрме Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билік басына келгеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Көрме «MEGA Silk Way» СОО-да 2019 жылғы 10 шілдеге дейін ашық.

Соңғы жаңалықтар