Астанада ЭКСПО-ға қатысты Темірболат атты мүсін тұрғызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Нұрлы жол желекжолында өткен жылы ЭКСПО аумағында қираған көпір сынықтарынан жасалған мүсін тұрғызылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 16 қарашасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы аралық көпір опырылып түскен еді.  Оның себептері бір айдан соң ғана жарияланды. 

"Суретшілердің бұл мысқылында ерекше позитив бар. Олар ешқандай сәтсіздікке қарамастан, қайта тұрып, еңсесін тіктеген, бір орында тұрып қалмай, алға қадам басқан адамның мүсінін жасады. Тіпті, жанынан қарасаң, билеп бара жатқандай әсер қалдырады», - деді бас куратор Яна Малиновская AstanaArtFest үшінші халықаралық заманауи өнер фестивалінің  журналистерге арналған экскурсиясында.

Темірболат атты бұл мүсінді жасауға бес адам атсалысқан, олар - Бейбіт Әсемқұл, Әйгерім Жұмағалиева, Наталья Лигай, Гүлмарал Тәтібаева және Әлия Қаныбекова.  Олар бір орында тоқтап қалмай, жаңғыртылған жаңа Астананы құруға кетіп бара жатқан темір адамның образын көрсеткісі келген.

Фестивальдің ресми ашылуы бүгін кешкі 20.00-де басталады. Онда көрермендер жарық және от шоуларын, хореографиялық нөмірлерді тамашалай алады. Қонақтар арасында ҚР танымал балет әртістері Досжан Табылды және Жандос Әубәкіров болады.

Соңғы жаңалықтар