Астанада экскурсиялық автобустар көрікті жерлерді тегін аралатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Конституция және Білім күні «Red Bus» екі қабатты экскурсиялық автобустары қаланың көрікті орындарына тегін экскурсия жасайды, деп xабарлайды қала әкімдігінің сайты.

30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйек күндері экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орысша жүргізіледі (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек.

Автобустардың қозғалыс кестесі

30 тамыз: «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (орыс тілінде); - сағ. 12.30 (қазақ тілінде); - сағ. 14.45 (орыс тілінде); - сағ. 17.15 (қазақ тілінде); - сағ. 19.30 (орыс тілінде).

Автобус келесі аялдамалар арқылы жүреді: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық мұражай, «Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.

31 тамыз, 1-2 қыркүйек: «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (орыс тілінде); - сағ. 12.30 (қазақ тілінде); - сағ. 14.45 (орыс тілінде); - сағ. 17.15 (қазақ тілінде); - сағ. 19.30 (орыс тілінде).

Автобус келесі аялдамалар арқылы жүреді: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық мұражай, «Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.


Соңғы жаңалықтар