Астанада екінші ауысымда оқитын 0-6 сынып оқушылары онлайн оқиды
11:24, 05 Желтоқсан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада түстен кейін оқитын 0-6 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 желтоқсан күні екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінде.
Еске салсақ, елордада бүгін таңды ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ онлайн өткен болатын.