Астанада екінші «Әбу-Даби Плаза» салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан мен Сауд Арабиясы Астана қаласында ірі коммерциялық нысанды салу бойынша келіссөздерді жүргізіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаевтың айтуынша, аталған нысан Әбу-Даби Плаза үлгісінде салынып, қазақ жеріндегі Сауд Арабиясының символы іспеттес болмақ. Бұдан бөлек, Баxрейн мемлекеті Астанада «Қайсар» атты спорт кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны - 10 млн АҚШ доллары. Аталған спорттық нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналады.

Айта кетейік, бүгінде Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы келісімнің негізінде салынып жатыр. Аталған нысан Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия бойынша да ең биік құрылыс нысаны болмақ. Жобаның құны - 1,6 млрд доллар.

Соңғы жаңалықтар