Астанада екі үлкен даңғылды жалғайтын жолда жөндеу басталды
2022 жылғы 26 маусым 06:15

Астанада екі үлкен даңғылды жалғайтын жолда жөндеу басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 25 маусымнан бастап Қабанбай батыр – Тұран даңғылдары арасындағы автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, Қабанбай батыр – Тұран даңғылдары арасында орналасқан Достық көшесінде жолды орташа жөндеу басталды.

«Осы жылдың 25 маусымынан 5 шілдесіне дейін Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады», – делінген ведомство хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT