Астанада екі көше жөндеуге жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қалалық мониторинг орталығына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сұлтан Бейбарыс көшесінен Ақан Сері көшесіне дейінгі Қараменде би Шәкәұлы көшесіндегі жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 23 мамыр–5 мамыр аралығында бұл учаскеде көлік қозғалысына ішінара тыйым салынатын болады.

Сондай-ақ Абай даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі Бейбітшілік көшесінде орташа жөндеу жүріп жатыр. Бұл учаскедегі автожол 1 маусымға дейін қозғалыс үшін толығымен жабылады.

Бұған дейін 3 көшедегі жол жөндеу жұмыстары туралы жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар