Астанада екі қалалық автобустың бағдары өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қала ішінде қатынайтын екі автобустың бағдары ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Обаған көшесі тұрғындарына екіжақты көлікті қызмет көрсету үшін №14 қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Сонымен бірге, №64 қалалық бағдардың қозғалыс схемасы ауыстырылады», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

№14 қалалық бағдардың жаңартылған қозғалыс сызбасы:
«Т/Ж вокзалы» бастапқы пунктінен Қ.Сәтпаев көшесінің қиылысынан Б.Момышұлы көшесіне өзгеріссіз жүреді де, одан кейін тіке Қ.Сәтпаев көшесі арқылы Обаған көшесіне бұрылады. Одан ары Қ.Аманжолов көшесімен қазіргі сызба бойынша қозғалысын жалғастырады.

Автобус кері қайтарда тура осы сызба бойынша қозғалады.

№64 қалалық бағдардың жаңартылған қозғалыс сызбасы:
«Агроқалашық» аялдамасынан басталатын бағдармен Н.Тілендиев көшесінің қиылысына дейін жүріп, ары қарай К.Күмісбеков көшесіне өзгеріссіз жүреді де, ары қарай Бөгенбай батыр даңғылымен тіке қозғалып, оңға Жеңіс көшесіне, содан кейін солға қарай С.Сейфуллин көшесіне бұрылады. Ары қалай қазіргі сызба бойынша қозғалысын жалғастырады.

Автобус кері қайтарда тура осы сызба бойынша қозғалады.

null null

Соңғы жаңалықтар