Астанада екі айлық сәбидің басына күрделі ота жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері екі айлық сәбидің ми ісігін жою үшін күрделі операция жасады. Қазіргі уақытта бала операциядан кейінгі емделуде, анасымен бірге палатада жатыр, деп хабарлайды

Баланың ата-анасы аурудың алғашқы белгілерін нәрестенің қатты мазасыздығы мен әлсіздігенен кейін байқады. Сонымен қатар, нәрестенің басының көлемі ұлғайып, еңбегінің ісінуі байқалды. Баланың анасы невропатологқа жүгінді. Әрі қарай дәрігер нейросонографияға және бас миының КТ-сына жіберді, онда гидроцефалия белгілері анықталды.

Сәбиге алғашқы операция Алматы қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында жүргізілді. Дәрігерлердің кеңесімен екінші ота Ұлттық нейрохирургия орталығында жоспарланған.

Балалар нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ғабит Ілиясұлы Өленбай атап өткендей, операцияның күрделілігі ісік осы жастағы бала үшін жеткілікті үлкен (4*3 см) функционалды маңызды аймақта орналасуында болды. Сонымен қатар, өлімге дейін ауыр асқынуларға әкелетін операциялық қан жоғалту қаупі жоғары болды. Ісік туа біткен және бала құрсағында пайда болған, бұл өздігінен сирек кездесетін құбылыс болып саналады.

«Біз микрохирургиялық араласу жасадық, оң жақ қарыншаның артқы мүйізінің қарыншаішілік ісігін алып тастадық, онда барлық заманауи әдістер қолданылды. Сондай-ақ, қызметкерлердің жоғары біліктілігі және біздің орталықтың операциялық блогының жабдықталуы операцияның сәттілігінде маңызды рөл атқарды. Нейрохирургиялық навигациялық жүйенің бақылауымен біз ісікке дәлдікпен жетіп, оны толығымен алып тастадық. Қазіргі уақытта сәби операциядан кейінгі емделуде, анасымен бірге палатада жатыр. Айта кетері, операция МӘМС аясында квоталық негізде өтті», - деді нейрохирург дәрігер Ғабит Өленбай.

Сонымен қатар, анестезиологтардың жоғары кәсібилігін атап өткен жөн. Осындай кішкентай пациенттерге операциялар әрқашан анестезияны қолдануда үлкен қиындықтармен бірге жүреді. Қан, тыныс алуды мұқият бақылау, анестезияны өте мұқият есептеу, баланың өмірі үшін үлкен жауапкершілік – мұның бәрі нейрохирургия орталығының көпсалалы ұжымының мойнына жүктелді.

Операцияны жоғары санатты білікті нейрохирург, балалар нейрохирургиясы кафедрасының меңгерушісі, «ҰНО» АҚ профессоры Ғабит Ілиясұлы Өленбай, сондай-ақ нейрохирург дәрігер Сапарбек Базарбайұлы Сейтбеков жүргізді. Сондай-ақ операцияны анестезиолог-реаниматолог дәрігер Айгүл Қайырқызы Жандельдинова, трансфузиолог дәрігер Ербол Нағашпайұлы Қуанышев және операциялық медбике Мадина Рахматуллақызы сүйемелдеді.


Соңғы жаңалықтар