Астанада екі адам Есіл өзеніне құлап кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Есіл өзенінде екі адам абайсызда суға құлап кеткен. Оларды құтқарамыз деп олардың соңынан тағы екі жігіт суға секірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«21 мамырда сағат 15:12-де құтқару қызметінің телефонына Есіл өзеніне (Тұлпар көпірі маңында) арнайы жабдықталмаған өзенді жерден кесіп өтпек болған бір әйел мен ер адам абайсызда суға құлап кеткен. Сол кезде осыны көріп қалған екі куәгер оларды құтқару үшін суға секірген.

Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару отрядының сүңгуірлері 1982 жылғы куәгерді құтқарды. Ол медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды. Судан шығарылған екі адамның аты-жөні анықталуда. Тағы бір адам іздестірілуде.

Оқиға орнында Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару отрядының 10 маманы, 2 катері сонымен қатар Астана қаласы ТЖД-ның жедел тобы жұмыс істеуде»,- деп мәлім етті ҚР ІІМ ТЖД-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

ФОТО: Алмат Салғарин әлеуметтік парақшасынан алынды 

Соңғы жаңалықтар