Астанада ЕАЭО елдері өнеркәсіп ынтымақтастығының негізгі бағыттарын талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-ның құқықтық порталында Еуразиялық экономикалық одағындағы өнеркәсіп ынтымақтастығының негізгі жобаларының жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ЕЭК-ның баспасөз қызметіне сілтемемен БЕЛТА.

Құжаттың жаңа нұсқасы ЕАЭО елдеріндегі өнеркәсіп дамуының ағымдағы жағдайын бағалауды, өнеркәсіп дамуының басымдықтарын, ЕАЭО экономикалық ынтымақтастығының әлеуеті, мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ ЕАЭО-дағы өнеркәсіп ынтымақтастығының 15-тен астам механизмін қамтиды.

Негізгі бағыттарда экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізімі мен ЕАЭО-дағы өнеркәсіп ынтымақтастығы үшін көпшілікқолды тауарлардың тізімі, сондай-ақ халық көп тұтынатын тауарларға қатысты кеңестер өткізу тәртібі мен халық көп тұтынатын тауарларға қатысты ұлттық өнеркәсіп саясатын іске асырудың жоспарланып отырған бағыттары туралы өзара ақпараттандыру анықталады.

Негізгі бағыттар жобасы қоғамдық талқылау процедурасынан өтіп жатыр. Бұған дейін ағымдағы жылдың мамыр және шілде айларында ЕЭК құжат жобасын ЕАЭО-ның бүкіл елдерінде көпшілік алдында талқылануы бойынша шаралар топтамасын өткізді. 27-31 шілде аралығында Мәскеуде комиссия өкілдері жобаны ЕАЭО елдерінің сарапшыларымен талқылады. Негізгі бағыттарды талқылау бойынша келесі сессия 12-15 тамыз аралығында Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар