Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

9 маусым күні басталған ел біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде әйелдер 48 және 52, ерлер 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бірінші жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Әйелдер:

48 кг

1. И.Дубовская (Алматы облысы) 2. Ж.Асқарова (Қызылорда облысы) 3. Х. Амиргалиева (Атырау облысы) 3. С.Құлым (Түркістан облысы)

52 кг

1. Диана Аипова (Алматы қаласы) 2. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы) 3. Анель Мұхан (Қызылорда облысы) 3. Әсемгүл Балтабай (Шымкент қаласы)

Ерлер:

60 кг

1. Ернұр Сүлеймен (Жамбыл облысы) 2. Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл облысы) 3. Абдусамат Бақыт (Атырау облысы) 3. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы)

66 кг

1. Ермек Амангелді (Атырау облысы) 2. Кемелбек Молдаш (Түркістан облысы) 3. Нұрзат Сәлімбаев (Жамбыл облысы) 3. Рауан Бегалы (Қызылорда облысы)

Қазақстан чемпионаты 11 маусымға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар