Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің қолдауымен 13-16 қараша аралығында бас қаладағы «Дәулет» спорт кешеніңде ерлер және қыздар арасында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Чемпионатқа 14 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының төрт жүзден астам спортшысы қатыспақ. Олардың қатарында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев, жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері Жанболат Бегтегенов және Бауыржан Назарбаев, Гран-при сериясы чемпиондары Гусман Қырғызбаев, Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаев, Азия ойындарының қола жүлдегері Елдос Жұмақанов, әлемдік Гран-при кезеңінің жүлдегерлері Виктор Демьяненко және Бекәділ Шаймерденов, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг бар.

Жарысты ұйымдастырушылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, Азия ойындарының қола жүлдегері Гүлжан Исанова жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды.

Жарыс қорытындысы бойынша жаттығушылар штабы 2019 жылға дзюдодан Ұлттық құрама құрамын бекітеді.

Фото: astana.gov.kz

Соңғы жаңалықтар