Астанада дөнер дүңгіршегі жанып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Астананың Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан дөнер дайындайтын дүңгіршек жанып жатыр, деп мәлім етті ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасы жарылды. Қазір өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

«Дәл қазір оң жағалауда жарылыс болды, аспанда жарықты көрдім, Сарыарқа-Бөгенбай ауданында орналасқан үйде тербеліс байқалды», - деп жазды Facebook әлеуметтік желісіне қала тұрғыны.

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында елордада дөнер дүңгіршегінде болған өрттен бір адам зардап шеккен болатын.

23 қараша күні сағат 17.47-де Манас көшесі 5 мекен жайында болған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 40 шаршы метр аумақ жалындап жатты. Дөнер дүңгіршегі газ баллонының атылуынан отқа оранған, ол толықтай жанып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан 1977 жылғы ер адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында. Тілсіз жауды ауыздықтауға үш техника мен 27 құтқарушы жұмылдырылды .

Сондай-ақ Алматыда 2015 жылдың қазанында  «оптовка» деген атпен танымал «Жұлдыз» базары отқа оранған болатын. Өрт дөнер дүңгіршегінен шыққан. Ол уақытта тілсіз жау 300 метр аумақты шарпыды. 

Соңғы жаңалықтар