Астанада дауылды жел соғып, бұршақ жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қатты дауыл соғып, бұршақ аралас нөсер жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дауыл салдарынан қала аумағындағы қоршаулар қирады.

Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді.

«Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар