Астанада дауыл кезінде тағы бір кран құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіде Астанада нөсер жаңбырмен келген дауыл кезінде тағы бір кран құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа ауданында Сұлукөл көшесінің бойындағы салынып жатқан құрылыс нысанының аумағында мұнаралы кран құлады. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан көшесінің бойында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй аумағында мұнаралы кран құлағаны хабарлаған болатынбыз.
Бұдан бөлек, ТЖК мәліметі бойынша, сағат 13.15-13.20 аралығында екпінді желдің (21 м/с дейін) салдарынан бірнеше оқиға тіркелген.

Төтенше жағдайлар комитеті ұшу-қону жолағынан шығып кеткен Шымкент-Астана бағытындағы А-320 ұшағы бағандағы шамдар мен екі билборды іліп кеткенін анықтады.

Сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім сарайында әйнектері, қасбеті ұшып түсті, Мичурин кентіндегі №3 мектептің шатырына зақым келді. ҚР Ұлттық музейі ғимаратынан сыртқы қаптауышын жел ұшырып әкетті. Сондай-ақ, «Олимп Палас» тұрғын үй кешенінің қабырға бөлігіопырылып құлады.

«112-ге» тұрғындардан әртүрлі заттардың құлауына байланысты және зақымданған көліктер жайында 300-ге жуық қоңырау түскен.

Сағат 15:30-да медициналық көмекке 10 адам жүгінген, 9-ы дәрігерлерге қаралды, олардың біреуі ғана ауруханаға жатудан бас тартқан.

Қазгидрометтің мәліметінше, 22 мамыр күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр шамасында болжанған. Сондай-ақ, «Қазгидрометтен» Астана қаласы ТЖД-ге ауа-райының қолайсыздығына байланысты алдын ала ескерту түспеген. Осыған байланысты халыққа СМС хабарлама таратылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар