Астанада дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Maqsut Narikbayev Unıversıty жыл сайынғы дәстүрлі «Presidential Ball KAZGUU» іс-шарасын өткізеді. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің музыкалық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, университеттік Президенттік бал жылдан жылға қарқынды түрде дамып, жаңа деңгейге бет алып жатыр» делінген хабарламада.

«Presidential Ball KAZGUU» мақсаты – «Қоғамға қызмет» бағдарламасы аясында жас ұрпақты рухани дамыту, эстетикалық тәрбиелеу, меценаттық және қайырымдылық дәстүрлерін сақтау.

Бұл басты шара еліміздің жастары арасында заманауи әлемдік мәдениетті насихаттау, олардың классикалық музыка мен биге деген қызығушылығын арттыру, зайырлы этикетпен таныстыру және жастар арасында жаңа демалыс пен ойын-сауық дәстүрін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Шара 28 наурыз күні сағат 17:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өтеді.


Соңғы жаңалықтар