Астанада «Бұрқасын» қысқы фестивалі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл өзенінің жағалауында өтіп жатқан қысқы спорттық шараға 1500 адам қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін «Бұрқасын - 2019» фестивалі салтанатты түрде ашылды. Аталмыш іс-шара шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт секілді спорттың 8 түрінен өтуде. Спорттық шараға 1500 астам адам қатысып жатыр», - деп жазды Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов өзінің Фейсбук парақшасында.

Шараға демалысын көңілді өткізгісі келетін қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Көпшілік шанамен сырғанап, шаңғы теуіп, хоккей мен қысқы футбол ойнауда. Әр жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға медаль және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. null

Айта кетсек, аталған қысқы спорттық фестивальге денсаулығына қарай барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Тіркелу үшін жеке куәлік қажет. Қатысушылардың жеке спорттық керек-жарақтары болғаны жөн, қажет болған жағдайда оны жалға алуға болады.

Соңғы жаңалықтар