Астанада букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуылы жасалды
2017 жылғы 4 қазан 20:21

Астанада букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуылы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуылы жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

3 қазан күні 19.00-де белгісіз ер адам Әуезов көшесі, 38-үйде орналасқан Tennisi.kz букмекерлік кеңсесіне қарақшылық шабуылын жасаған.
«Осы факті ҚР ҚК «Қарақшылық» 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеулердің Бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері күдіктінің мекен-жайын анықтауға бағытталған жедел шараларды қолға алды. Келтірілген шығын сомасы есептелуде», - деді Астана ІІД баспасөз қызметі.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT