14:53, 04 Қазан 2018 | GMT +6
Астанада бойжеткенді автобус қақты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада автобус жол бойында бойжеткенді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, жол-көлік оқиғасы бүгін күндіз «Лазурный квартал» тұрғын үй кешені аумағында, жол бойында болған. Бойжеткенді №52 қалалық бағытта қатынайтын автобус қаққан. Зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігі аурухана алып кеткен.
Қазіргі уақытта жол полициясының қызметкерлері оқыс оқиға болған жерде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.