Астанада блокчейн қай салада қолданылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада блокчейн теxнологиялары негізінде жерді сату аукционы өткізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, аталған аукцион келесі жылдың бірінші тоқсанында ұйымдастырылады. «Блокчейннің арқасында құжаттар мен тізілімді өзгерту әрекеттеріне, сан алуан манипуляцияларға жол берілмейді. Аукционнан кейін біз блокчейн теxнологияларын бірден жер телімдеріне меншік құқығын, жылжымайтын мүлік пен үлескерлік келісімдерді рәсімдеу саласында да қолданатын боламыз. Себебі бизнестің тарапынан дәл осы мәселелерге қатысты арыз-шағымдар көптеп түсіп жатыр. Сондықтан смарт теxнологиялармен айналысатын компанияларға жақсы мүмкіндік беріліп отыр. Олар бірлескен жобаларға қатыса алады», - дейді қала басшысы.

Айта кетейік, бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев астаналық кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев та қатысты. Сол жерде қала әкімі бизнеске берілетін салаларды жариялады. 

Соңғы жаңалықтар