Астанада бизнесті цифрландыру мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 31 мамыр күні басты тақырыбы Төртінші өндірістік революция атанған «Ideas for women» жаңа мүмкіндіктер форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін заманауи жаһандық трендтерге сәйкестендіріп, жаңа сатыға көтеру,

Осылайша, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы мен оларды бизнес-үдерістерге жұмылдыру барысында қазақстандық кәсіпкер әйелдер әлемдік экономиканың жаһандық үрдістерінен қалыс қалмағаны өте маңызды. Себебі бұл кәсіпорындардың тимділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыра  түседі.

«Бізге тек IT мамандары ғана емес, заманауи технологияларды жұмыс барысында пайдалана алатын дәрігерлер, мұғалімдер, бизнес өкілдері мен өзге де мамандық иелері керек», -  деді шара барысында ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев.

Панелді сессиялардың бірінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Жанат Ахметова сөз сөйледі. Оның айтуынша, цифрландыру туралы келешек ұрпаққа ғана бағыттап айтуға болмайды. Әйел адамдар жас кезінен айналысып жүрген кәсіптері әлемдік талаптарға сай дамып, қарыштауы үшін IT-технологияларды меңгерулері керек. 

Форумға жалпы 300 астам кәсіпкер әйелдер қатысты. Қатысушылармен өздерінің цифрық технологиядағы қабілеттерімен цифрық стратегия және инновация саласындағы маркетинг маманы Мустафа Ичиль, «Documentolog» IT-компаниясының басшысы Байжан Қанафин және басқа да сарапшылар бөлісті. 1 маусым шара аясында бизнесті дамыту және ілгерілету бойынша арнайы тренинтер өтті. 

Соңғы жаңалықтар