Астанада бірыңғай бейнебақылау жүйесі іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бейнебақылау бойынша жаңа механизмді құру туралы меморандумға жыл сайын өткізілетін Internet of Things Forum Astana 2018 екінші халықаралық форумның барысында қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірлескен ынтымақтастық туралы құжатқа «Қазақтелеком» АҚ мен «Астана қаласы мониторинг жүргізу және жедел елеу қалалық орталығы» форумның ІоТ баспасөз конференциясының аясында қол қойған. Елорданы бейнебақылау жүйесіне 25 мың таспа біріктіріледі деп болжанып отыр.

«Нарық жетілген, сұраныс бар. Адамдар, компаниялар, ұйымдарға құралдарды қосып, ІОТ инфрақұрылымы беріп отырған қызмет түрлерін пайдалануы қажет, сондықтан бұл форум тараптардың барлығын бір алаңда кездестіруге бағытталған», - деп баяндады тілшілер алдында сөз сөйлеген «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқармасының бас директоры Батыр Маханбетәжиев.

«Internet of Things Forum Astana 2018 форумында желілер мен түрлердің өте көп екені талқыланды. Бірақ, солай болғанымен, мәліметтер жіберудің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі - өте маңызды мәселе. Біздің компания болашақта нарықтың аталған сегментінің жедел өсімін күтіп отыр», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Астана қаласында Қазақстандағы Internet of Things саласындағы ең ірі салалық шара болып өтті. Форумның жұмысына 500 адам, Қытай, Ресей, Германия, АҚШ, Франция, Сингапур және Ұлыбританиядан келген 100-ден астам компания қатысты. 

Соңғы жаңалықтар