Астанада бірқатар жол жабылып, автобус бағыттары уақытша өзгертілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Нұрлы жол» вокзалындағы қоғамдық көлік аялдамасы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұрлы Жол» вокзалындағы аялдама пункті мерекелік іс-шара өткізілуіне байланысты жабық. Сондықтан №№ 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 60 бағдарларының қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді. Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген City Transportation Systems компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Айта кетейік, наурыздың 21-23 күндері елімізде ұлттық мерекеміз әз-Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтіледі. Бұл күнідері еліміздің барлық аумағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар