Астанада бірқатар автобус бағдары өзгертілді

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Астанада нөсер жаңбырдан салдарынан бірнеше көшенің кейбір тұстарын су алып кеткендіктен бірқатар автобус бағдары өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті жолаушылар! Күшті нөсер жаңбыр салдарынан қазіргі уақытта Б. Момышұлы даңғылының А.Тоқпанов - Сарайшық көшелеріе арасын су басып кетті.

Осы аралықтан жүретін №15, 47, 51, 56, 61, 101 автобус бағдарлары 21 тамыз 06:00-ден бастап уақытша су тазартылғанша қозғалыс бағыттарын өзгертеді», - делінген хабарламада.

№15, 47, 51, 56, 101 бағдарлары бастапқы аялдамалдан Сарайшық .- Р.Қошқарбаев даңғылына шейін өзгеріссіз, ары қарай Р.Қошқарбаев даңғылымен тура, Тәуелсіздік даңғылында солға бұрылып, Б. Момышұлы көшесінде оңға бұрылады, ары қарай бағыт бұрынғысынша қалады. Кері бағытта осылайша жүреді.

№61 бағдар  «Мектеп-лицей №81» аялдамасынан бастап Шарль де Голл - А.Тоқпанов көшесі қиылыстарына дейін өзгеріссіз жүреді, ары қарай А.Тоқпанов көшесімен тура, Тәуелсіздік даңғылында солға бұрылады, ары қарай кесте бұрынғысынша жалады. Кері бағытта қозғалыс осылайша жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар