Астанада бірінші жартыжылдықта 942 мың ш.м. баспана салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада биылғы бірінші жартыжылдықта 942 мың ш.м. баспана салынды. Бұл туралы Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баспасөз мәслихатында айтты.

«1 шілдедегі деректер бойынша қаланың тұрғын үй қоры 18,1 млн ш.м. құрайды. Астананы көшіргеннен бері бұл көрсеткіш 14 млн ш.м. ұлғайған. 2005 жылдан бері жыл сайын 1 млн ш.м. астам баспана салынып келеді. Ал биылғы алғашқы жартыжылдықта 942 мың. ш. м. баспана пайдалануға беріліп, былтырғы осы кезеңнен 1,8 есе көп болды. Сонымен қатар, оның тек 15-20 пайызы ғана бюджет қаражатымен салынды», - деді С. Хорошун.

Сонлай-ақ, оның айтуынша, бүгінде жалпы ауданы 9 млн. ш.м. болатын 341 нысан салынып жатыр. Ал ауданы 11,2 млн. ш.м. болатын 482 нысан жоспарда тұр.

Соңғы жаңалықтар