Астанада бір жылда жаңа баспана бағасы 27% қымбаттаған
Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйді сату 19,3% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда биылғы мамырда 22,8% артты.
Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%.
«Тұрғын үйдің қайта сату нарығындағы жоғары өсім Талдықорғанда (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығындағы көшті Алматы қаласы бастап тұр (49,9%)», – деп атап өтті Қ. Жақыпбекұлы.
Соңғы бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,7%, пәтерлерді қайта сату 1% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда мамырда 1,3% жоғарылады.