Астанада бір тәуліктен аз уақыттың ішінде жаңбырдың айлық мөлшері жауды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жауын салдарын жою бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, кәріздер тоқтамастан жұмыс істеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мамандар қатты жаңбырдан кейінгі су алған барлық орындарды жедел анықтады. Табиғат мінезіне қарсы тұру үшін 11 тазарту құрылғысы, 2 су сорғыш, 11-ге жуық насостық станция, 110 ассенизаторлық машина және басқа да техникалар жұмылдырылды.  Айдап қотарылған судың көлемі сағатына 50 мың шаршы метрді құрады.

Су алған орындарға  коммуналдық қызметтермен бірге Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов барды.

«Қаладағы барлық осал орындарды біз білеміз. Мысалы, Тұран даңғылы бойынша алғашқы 20 минутта қатты құйып жауған жаңбырдан кейін су жиналып қалды, сондықтан біз дереу ол жерге ҚР ТЖК-ның насостық станцияларын жеткіздік.  Бұл сорғыш құрылғылары сағатына 7 мың шаршы метр суды қотарып айдады. Біз жаңбыр толастаса жиылған судың бірден кететін көрдік. Тағы бір проблемалық аумақ - Ақбұлақ шағын ауданы және Б. Момышұлы көшелері. Онда орналастырылған тазалау құрылғылары қазіргі таңда жөндеуден өтуде, сондай-ақ ол жерде жол, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қала жылдам өскендіктен біз қазір жоба әзірлеп жатырмыз, қуаттылығын арттырып, 4 қосымша бассейн қоямыз. Қазіргі уақытта, уақытша  екі насостық станция және бір үлкен станция қойылған. Олар 7 мың шаршы метр суды қабылдай алады. Екінші осал нүкте бұл Бараев көшесі бойынша. Жаңбыр тоқтаған соң  30-40 минут ішінде су тасқынын жоямыз.  Бүгінде 110-нан астам ассинезаторлық машина қаланың көшелеріне шықты, алайда олар осындай көлемдегі суды соруда үлкен рөл ойнамайды. Біз сағатына 50 мың текше метр суды айдап жатырмыз, бұл тәулігіне шамамен 1 млн 200-ді құрайды. Көшелердегі жаңбыр суын нөсерлік су кәріздері реттейді» - деді түнгі рейд  барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Бүгінде қаладағы нөсерлік канализациялар жүйесі 13 тазалау құрылғысынан және 3 сақтау тоғанынан, 18,9 мың бақылау және жаңбырсуы құдықтарынан, 398,8 км тарта нөсер коллекторы магистральды коллекторларынан және науа арықтар жүйесінен тұрады. Олар 12,93 мың гектар аумақты үстіңгі су жиындыларының  кетуін қамтамасыз етеді. Тазарту құрылғыларының жиынтық қуаттылығы тәулігіне 215,46 мың текше метрді құрайды.  2018 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыландыруды ескере отырып, 2 ТҚ-ның (Логистикалық орталық ауданында, М-2 көліктік айырма ауданында) құрылысын аяқтау, 7 жаңбырлық су кәрізіндегі 7 насостық станцияны (Мечта СҮ, Ш. Құдайбердіұлы көшесінде, Абылай хан даңғылында, Сығанақ және Сауран көшелері қиылысқан аймақта, Республика даңғылындағы жерасты өткелі орналасқан аймақта, Француз кварталы ТҮК аймағында, «Астана Арена» стадионы аймағында) 2 ағыс канализацияның  магистральды коллекторы, (Ғабдуллин көшесінде, Алаш тас жолындағы жолайырықта) жөндеу жоспарлануда.  Аталған аймақтарды экспулатацияға енгізу су жинайтын орынды 609,4 гектарға дейін үлкейтуге мүмкіндік береді, мықты жиынтықталған тазалау құрылғыларының тәулігіне 12,2 мың текше метрге дейін өсуін қамтамыз етеді.

Қазіргі уақыттағы жағдай нөсерлі жауын-шашынға қарамастан, бақылауда тұр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген деңгейде жұмыс жасап жатыр. Су тасқынының негізгі орындары қалпына келтірілген.

Синоптиктердің айтуынша, бір күннен аз уақыттың ішінде жауған жаңбырдың көлемі айлық көрсеткіштен асып түсті. Сонымен қатар, ауа райы болжамы бойынша Астанадағы жаңбырлы ауа райы 3 тәулікке сақталады.

«Біз қазір Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз. Сол жағалаудағы  № 27 көше, Ұлы дала, Сығанақ, Керей мен Жәнібек хандар көшелерінен келетін судың барлығы Тұран көшесіне қарай ағып жатыр. Онда біздің тазалау құрылғыларымыз орналасқан. Осының есебінен, көріп отырғандарыңыздай, барлық негізгі магистральдарды су алмаған. Яғни, барлық нөсерлік су кәріздері толыққанды жұмыс жасауда», - деп атап өтті ол.

Қ. Айтмұханбетовтың айтуы бойынша, әрбір дауылды ескерту кезінде алдын ала барлық тазалау құрылғыларының жұмыс жасауы тексеріледі. Сондай-ақ, ол «Біз  түсіп жатқан барлық өтініштерді  қарастырып жатырмыз, салдарын жою бойынша жұмыстар түні бойы жүргізілді», - деп мәлімдеді.

null 

Соңғы жаңалықтар