Астанада бір пәтерді екі рет жалға берген алаяқ сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алаяқ пәтерді бір тәулікке жалға алып, оны бірден өз атынан ұзақ уақытқа қайта жалға беріп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ж. есімді азамат жаңа сим-карта сатып алғаннан кейін бір тәулікке пәтер іздеуге кіріскен. Ондай пәтердің ақысын 8 мың теңгеге келісіп, бірден 1 бөлмелі пәтерді 100 мыңға жалға беру туралы хабарландыруды жариялады. Сөйтіп, ол пәтерді үшінші адамға 100 мың теңгеге заңсыз жалға берген», - делінген Астана қалалық сотының ресми хабарламасында.

Алматы аудандық сотының үкіміне сәйкес, Ж. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатысты 2 жыл 8 айға дейін бас бостандығын шектеу туралы шешім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар