Астанада «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік шарасы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясындағы басты іс-шаралардың бірі - «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» мерекелік концерті басталды.

Осы мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Былтыр бұл атаулы күн «Қазақстан - 2050» ұранымен өткен болса, биылғы шара «Мәңгілік ел» ұранымен өтіп жатыр. Велотрекке тола жиналған жұршылық қазақстандық экстрада жұлдыздарының өнерін тамашалауда.

Айта кетейік, бүгін кешқұрым «Астана Опера» опера және балет театрының алдында Елбасының қатысуымен жаңа жылдың басты шыршасын жағу салтанаты шарасы өтеді деп күтілуде. «Бақыт құсы» деп аталатын басты шыршаның биіктігі 25 метрге созылған.

Мұнымен қоса бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасын тамашалайды. Бұл көркем туынды «Қазақстан» орталық концерт залында көрсетіледі.

1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді.

Соңғы жаңалықтар