Астанада бір көше жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін 10:00-ден 17:00-ге шейін Қ. Сәтбаев - Балқантау көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстарына байланысты, автобус қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«№14 бағдарлы автобус бастапқы «Теміржол вокзалынан» Қ. Сәтбаев көшесі мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, сол жерден оңға - Б. Момышұлы даңғылына, солға - Тәуелсіздік даңғылына, солға - Р. Қошқарбаев көшесіне, солға - Аманжолов көшесіне бұрылып, ары қарай әдеттегі бағытымен жүреді», - делінген хабарламада.

Автобус қайтарда да дәл осы бағдармен жүреді.

Соңғы жаңалықтар