Астанада бір айда 100 мыңнан астам адам вакцина алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирусқа қарсы вакциналау пунктерінің саны 100-ге жетті. Қала әкімдігінде өткен дөңгелек үстелде елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – азаматтарымызды коронавирусқа қарсы вакциналаумен жаппай қамту. Бұл ретте тұрғындардың вакцина алуын кеңінен қамту үшін қалада вакцинация пунктерінің саны 100-ге дейін артты. Сондай-ақ, жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін қаламыздың ең үлкен ойын-сауық орталықтарында, «Mega Silk Way», «Keruen», «Хан Шатыр» және «Әбу-Даби Плаза» сияқты кешендерде вакцинация пунктерін аштық. Қазіргі уақытта олардың әрқайсысы күніне 250-300 адамға вакцина салуды қамтамасыз етіп отыр», - деген әкімдік өкілі сәуір айының алғашқы қорытындыларын да мәлім етті.

«Аталған жұмыстар айтарлықтай нәтиже беруде. Қаламызда сәуір айының басынан бері 100 мыңнан астам адам вакцина алды», - дейді қала әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар