Астанада бір аптада екі жүкті әйел көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тағы екі жүкті әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо агенттігіне сілтеме жасап. Екі әйелдің біреуі 31 қазанда үйінде, ал екіншісі 4 қарашада ауруханада көз жұмған.

«Соңғы күндері екі жүкті әйел мезгілсіз қайтыс болды. Біріншісі - айы-күні жақындаған 1986 жылы туған әйел. Ол өз үйінде көз жұмды. Мәйітті сойып, сот сараптамасын жүргізу кезінде марқұмның тірі кезінде байқалмаған туа біткен бас ми-қан тамырларының патологиясы бары анықталды. Екінші жағдай бойынша, 1980 жылы туған әйел бізге өлім аузында түсті», - деді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, медициналық көмек толық көлемде көрсетілді.

«Өкінішке қарай, біз құдай емеспіз, көрсетілген барлық реанимациялық көмекке қарамастан, ол әйел көз жұмды. Жүктілік жоспарланбаған, тұрмыста болмағандықтан қалаусыз болған деген ақпарат бар. Әйел бір де бір емханаға тіркелмеген, жүктілік бойынша есепте болмаған, медициналық ұйымға келмеген. Ол бір туысының үйінде тіркеуде болған, бірақ аталған мекенжайда тұрмаған. Үнемі түрлі мекенжай бойынша пәтер жалдап келген», - деді ол.

Екінші жағдай бойынша сот-медицина сараптамасы жүріп жатыр. Оның нәтижелері соңғы түпкілікті тексеруден кейін жарияланады. Дәрігерлер қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

«Екі оқиғада да нәрестелер көз жұмды. Ауруханаға өлім аузында түскен әйел үш күн бойы үйінде жатып, ауырсынуды басатын және жүктілікті тоқтатын дәрі-дәрмекті уыстап ішкен. Бала үйінде жүргенде қайтыс болып, әйелдің жатырында жайыла бастаған. Ол әйелдің ағзасына бітіп кетіп, нәтижесінде ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті», - деді Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс акушер-гинекологы Иван Коркан.  

Оның айтуынша, екінші көз жұмған әйелдің артында екі баласы мен жұмыссыз күйеуі қалған.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 21 маусымда №1 перинаталдық орталықта босанған әйел қаза тапқан болатын. Ал екінші оқиға 25 маусымда орын алды. 2 шілдеде орталықта тағы бір әйел көз жұмды. 16 шілдеде № 2 перинаталдық орталықта босанған әйел қайтыс болды. 1 қыркүйекте бесінші ана өлімі тіркелді. 

Соңғы жаңалықтар