Астанада бір апта ішінде 3 баланы көлік қағып кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада кәмелет жасына толмағандар апатқа ұшыраған 38 жол көлік оқиғасы болған. Бір бала көз жұмған. Бір апта ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 3 баланы қағып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 21 шілдесінде сағат 21:00-де «Toyota» маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөгенбай батыр даңғылымен келе жатып велосипед айдап келе жатқан 8 жасар жеткіншекті қағып кеткен.

22 шілдеде сағат 12:00 шамасында «Mercedes» маркалы автокөліктің жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған түсін елемей жүріп кетіп, белгіленген жерден өтіп бара жатқан 12 жасар жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Сол күні сағат 17:00 шамасында «Лада» маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші Конституция көшесінен К.Байсейітова көшесіне қарай келе жатып, белгіленген жерден өтіп бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

Жол апаты салдарынан балалар дене жарақатын алып, қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Аталған барлық факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар