Астанада бессайыстан Әлем кубогының финалы аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бессайыстан Әлем кубогі өз мәресіне жетті. Финалдық жарыстар «Қазанат» атшабарында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша әйелдер арасында бірінші орынды Олимпиада чемпионы аустралиялық Хлои Эспозито алды, ол қорытындысында 1 337 ұпай жинады, (семсерлесу-226, жүзу-287, салт жүріс-300, лазерран (жүгіру+ату) - 524, екінші орынды мажарстандық Сарольта Ковакс алды, оның қоржынында - 1 324 ұпай (семсерлесу-244, жүзу-289, салт жүріс-293, лазерран (жүгіру+ату) - 498, үздік үштікті литвалық Джинтари Винкаускайте түйіндеді -1 371 ұпай (семсерлесу-185, жүзу-266, салт жүріс - 300, лазерран (жүгіру+ату)-566.

Екінші күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Кореядан келген бессайысшы Джинхуа Джун иеленді, ол жалпы - 1 431 ұпай жинады (семсерлесу - 258, жүзу - 305, салт жүріс - 300, лазерран (жүгіру+ату) - 568, екінші орын да кореялық спортшының еншісінде Вунтай Джун -1 426 ұпай жинады (семсерлесу - 215, жүзу - 306, салт жүріс - 293, лазерран (жүгіру+ату) - 612, үштікті ирландиялық Артур Лэниган-О Кейфи түйіндеді, ол - 1 425 ұпай иеленді (семсерлесу-224, жүзу-307, салт жүріс - 300, лазерран (жүгіру+ату) - 591.

Үшінші күн аралас эстафетамен қорытындыланды. Бірінші орынды италиялық бессайысшылар Элис Сотеро мен Рикардо де Лука алды, екінші орында кореялық спортшылар Кум Сун Во және Джи хун Ли, үшінші орында украиналық бессайысшылар Валерия Пермикина мен Павел Тимошенко.

Еске сала кетсек, қазіргі бессайыстан Әлем кубогының финалы маусымның 21-24 аралығында «Сарыарқа» велотрегі, «Барыс Арена» спорт кешені, «Қазанат» атшабары базаларында өтті. Шара Астана қаласының 20-жылдығына арналды. Финалға әлемнің ең үздік спортшыларының тізіміне енген 36 ер және 36 әйел спортшы келді.

Қазақстан тарихында заманауи бессайыстан ел абыройын қорғаған мықты спортшылар баршылық. Атап айтқанда, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарында Александр Парыгин Қазақстанның қоржынына алтын медаль әперген болатын.

Соңғы жаңалықтар