Астанада бес күн бұрын жоғалып кеткен «Қазатомөнеркәсіп» қызметкері іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бес күн бұрын жоғалып кеткен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ның қызметкері Әмірбек Молдабековты іздеу жұмыстары жүргізілуде.

«Менің әріптесім - «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-ның қызметкері болып табылатын Әмірбек Молдабеков хабар-ошарсыз жоғалып кетті. 21 қарашаның кешінде ол Астанада достарымен кездесіп, 22 қарашада түнгі сағат 02:30-да Сармат ТҮК-інен Есіл ТҮК-іне дейін жету үшін такси көлігіне мінген. Көлікке отырар алдында зайыбына телефон соғып, үйге оралатынын айтқан, бірақ үйге келмеген. Көлікпен жүргендегі жол шамамен бес минуттық уақытты алады. Мүмкін, оны біреу көрген болар? Ол алты баланың әкесі», - деп хабарлады Ә.Молдабековтың әріптестерінің бірі әлеуметтік желілердің бірінде.

Астана қалалық ІІД-інен хабарлағандай, ер адам 22 қарашада сағат 02:30-да Сауран-Сығанақ көшелерінің маңында (Сармат ТҮК) жоғалып кеткен. Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасының ұсынған тұспалдауына сәйкес, ер адамның бойы 168-172 см, дене бітімі мығым, шашы қара түсті, бет әлпеті сопақша келген. Қара түсті бас киім, қара түсті күртеше, сұр түсті жейде киген. Азамат Ә.Молдабеков туралы қандай да бір ақпарат бере алатын азаматтардан 71-62-96, 71-60-22, 8-701-707-00-45 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар