Астанада Беларусь және Польшада оқитын студенттерге гранттар бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 маусым күні ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованың төрағалық етуімен шетелдік жоғары оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарада Беларусь және Польша жоғары оқу орындарына гранттар бөлінді.

Еске сала кетейік, Қазақстан және Беларусь Үкіметаралық келісіміне сәйкес, Беларусь тарапы 3 бакалавр, 2 магистр, 1 ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне - жалпы 6 грант ұсынды. Үміткерлерден 17 мамырдан 1 маусымға дейнгі аралықта құжат қабылданды. Оған барлығы 6 өтініш түскен.
Еске сала кетейік, Польша тарапы қазақстандық жас ізденушілерге 11 стипендия бөлген болатын. Құжаттар 5-21 сәуір аралығында қабылданды. 41 қазақстандық осы гранттар негізінде оқуға үміткер болған.

Комиссияның шешімімен Беларусь жоғары оқу орындарына баратын бес, ал Польшаға баратын 11 үміткерге грант тағайындады.
Іріктеудің негізгі критерийлері бойынша, бакалавр дәрежесі үшін дипломның жалпы бағасы 4,5 (5,0-ден) балдан, магистратура және докторантура дәрежелері үшін GPA бойынша 3,0 (4,0) балдан төмен болмауы тиіс еді.

Комиссия құрамына ҚР Парламенті Сенатының және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарынан, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері кірді.

Соңғы жаңалықтар