Астанада бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысу мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ ғимаратында «ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаевтың «ЭКСПО-2017»-ге Бельгияның атынан қатысатын танымал велошабандоз, «CMI Group» корпорациясының комиссары Андрей Кашечкинмен кездесуі өтті, деп хабарлады комиссардың хатшылығы.

Кездесу барысында бельгиялық компанияның ЭКСПО-2017-ге қатысуы мен Бельгия елінің туристерін 2017 жылы Астанаға тарту туралы мәселелер талқыланды. Комиссар «ЭКСПО-2017»-ге бельгиялық компанияны тартуда және көрменің шетелдегі тақырыбын арттыруда Андрей Кашечкиннің рөлі зор екендігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде, Жошыбаев Кашечкинге мемлекеттігімізді қалыптастыруға, егемендігімізді нығайтуға және ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар