Астанада баукеспе ұры ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер алаяқтық, ұрлық жасады және автомобиль ұрлады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру шаралар кешенін өткізу барысында Астана ІІД Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының полицейлері пәтер тонау, алаяқтық, автокөлік ұрлау фактілеріне күдікті жергілікті тұрғынды ұстады», - делінген хабарламада.

11 қаңтар күні 10:00-дер шамасында күдікті есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, жеке заттарды қолды еткен. Келтірілген зиянның көлемі 300 мың теңгені құрайды.

10 қаңтар күні кешкісін дүкен маңында өткінші адамнан біреуге қоңырау шалайын деп телефонын алып, зытып отырған.

Бұдан тыс, Жангелдин көшесіндегі үйдің ауласында тұрған «Volkswagen Passat» маркалы автомобильді ұрлап кеткен. Сондай-ақ Потанин көшесіндегі үйдің ауласында тұрған автомашинаның салонындағы заттарды ұрламақ болған.

Барлық фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдікті бұрын да осы тақылеттес қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты. Ол Астана ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына жіберілді.
Полиция оның қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар