Астанада Баубек батырдың ерлігі дәріптелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тізгіншілерінің бірі, ханның сенімді серігі Баубек батырға арналған «Батырлар рухы» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыр құрметіне ұйымдастырылған шарада ол туралы туындылар мен арнайы бейнетаспа көрсетілді.

Еске алу шарасының мақсаты - жастар жылы аясында тәуелсіздік үшін күрескен, аты аңызға айналған батырларымыздың есімін дәріптеп, қадірлеу.

«Кенесары ханның сарбаздары» атты үлкен қозғалыс бар. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісте Кенесары өз әскерімен Ақмола бекінісін басып алды. Сол патша өкіметіне қарсы қозғалысқа қатысқан сарбаздардың ішінде менің арғы атам, арғын руынан тарайтын Қарауыл Бекмырза баласы Баубек те бар. Ол 12 жасынан Кенесарының қолында өсіп, соның тәрбиесін көрген. Кейін батырмен бірге көтеріліске қатысып, соңына дейін жүрген. Қозғалыс жеңіліспен аяқталған соң атамды Ресейдің Түмен қаласына жер аударып, ол сол жақта қайтыс болды», - дейді батыр ұрпағы Қабиболла Шаяхметов.
null

Оның айтуынша, өткен жылы Баубек батырдың туған жері Ақмола облысы, Қима жерінде ас беріліп, одан бөлек ағарту шаралары ұйымдастырылған.

«Былтыр Баубек батырдың құрметіне ғылыми конференция өткізілді. Биыл аталған шаралар өз жалғасын табады. Соның бірі бүгінгі шара, мұндағы мақсатымыз бүгінгі ұрпақ, ел үшін күрескен батырлардың есімін ұмытпаса екен. Сол үшін де біз батырлардың ел қорғаудағы ерлігін жастар арасында насихаттаудамыз», - деді ол.

Елордадағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен шараға мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
null
null
null null null

Соңғы жаңалықтар