Астанада батуттың аударылуы: Зардап шеккен 4 баланың жағдайы ауыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер Астанада қатты желден батуттың аударылуы салдарынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«4 бала осы кезде анестезиология, интенсивті терапия және жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайлары ауыр. Тағы бір бала нейрохирургия бөлімінде. Қазіргі таңда дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада балалардың №2 қалалық балалар ауруханасына жедел түрде жедел жәрдем қызметінің көмегімен жеткізілгендігі айтылады.

Айта кетейік, «Жаннұр» сауда орталығының аумағында балалар ойнап жатқан батутты жел ұшырып әкетті.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің мәліметтерінше, батут бекітілген жерден 20 метр қашықтыққа жылжып кеткен. Осы оқиғаның салдарынан 5 бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар