Астанада «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды» атты түрік фильмі көрсетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды» атты түрік фильмінің көрсетілімі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрсетілімді Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Астана қаласының 20 жылдығына арнап, Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Айлық түрік фильмдері күні» шарасы аясында ұйымдастыруда.

«Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды» атты фильм 23 маусымда сағат 17.00-де Астанадағы «Керуен» ойын-сауық орталығының кино залында көрсетіледі. Кіру тегін. Түрік телетуындысы көрермендерге орысша субтитрмен беріледі.

Соңғы жаңалықтар