Астанада басты көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығында қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымды дамыту басқармасы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Асфальтбетонның жоғары қабатын ауыстыруға байланысты даңғылдың келесі бөліктерінде автокөлік қозғалысы толығымен жабылады:

1) 27 шілдеде сағат 18:00-ден бастап 28 шілдеде 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесінен Нұржол желекжолына дейін;

2) 28 шілдеде 18:00-ден бастап 29 шілде 18:00-ге дейін Мәңгілік елдің Нұржол желекжолынан Бас прокуратура маңындағы қиылысына дейінгі аралықта;

3) 29 шілдеде 18:00-ден 30 шілде 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Бас прокуратура қиылысы тұсынан Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта.

Басқарма қала тұрғындары мен қонақтарына жолды жөндеу жұмыстарына байланысты кідірістерге түсіністікпен қарап, көлік кептелістерін болдырмау үшін бағдарларын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар