11:11, 08 Ақпан 2019 | GMT +6
Астанада бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушыларына сабақ болмайтыны ескертілген болатын.