Астанада бастауыш сынып оқушылары бүгін де қашықтан оқиды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары 9 желтоқсанда қашықтықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылдың 9 желтоқсанында ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшеді», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ басқарма Астанадағы мектептерде 0-11 сыныптар мен колледждердің 1-2 курс студенттерінің бірінші ауысымдағы сабақтарының тоқтатылатыны туралы желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 желтоқсанда аязға байланысты республиканың бірнеше облысындағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшірілді.


Соңғы жаңалықтар